13.08.2026
Шымкент
54
Шымкент қаласында «Ислам» жеке кәсіпкерлігіне қарасты «TAKAY FOODS» құс фабрикасы «QMDB HALAL» куәлігін алды.
Кәсіпорын құс өнімдерін өндіру бағытында жұмыс атқарады. Куәлік алу барысында өндіріс орнының қызметі, өнімдердің құрамы мен өндірістік процестері халал талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексерілді.
Тексеру жұмыстарының нәтижесінде кәсіпорынға «QMDB HALAL» куәлігі табысталды.