16.08.2026
Қарағанды
95
Қарағанды қаласында тамақтану орындары мен кәсіпорындарда жоспарлы тексеру-аудит жұмыстары жүргізілді.
Аудит барысында кәсіпорындардың өндірістік үдерістері, шикізат пен дайын өнімдердің талаптарға сәйкестігі, құжаттамалары, сақтау шарттары, санитариялық талаптардың орындалуы және халал стандарттарына сәйкестігі зерделенді.
Тексеру жұмыстары барысында төмендегі кәсіпорындар қамтылды:
Batyr Sandwich, Medon 1–2 фаст-фуд, Maki-Maki ССО «Каскад», Chicago ССО «Каскад», Adal Doner Chicken, Asyl Sushi 14-ықшамаудан, Bala Park, Salemchik ССО «Глобал Сити», Добрая кухня у Динары, Oneshott Coffee, Shaurma House 2, Dam You, Salem Fish, Fridaus 1, Premium Halal Et Karkaraly.
Аудит жұмыстарының негізгі мақсаты – кәсіпорындардағы халал талаптарының сақталуын бақылау, анықталған мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің халал талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету.
«Халал Даму» мамандары кәсіпорындарға тиісті талаптарды сақтау бойынша ұсыныстар беріп, аудит нәтижелері бойынша бақылау жұмыстарын жүргізді.