18.08.2026
Орал
182
Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары басталды. Орал қаласында «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, технолог Мейіржан Бауыржанұлы және жергілікті бақылаушы Асхат Асылбеков бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізуде.
Жұмыс барысында қасапхана тексеріліп, құжаттар қаралуда, кәсіпорындардың халал талаптарына сәйкестігі бақылаудан өткізілуде. Сонымен қатар семинарлар ұйымдастырылып, кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Бақылау-қадағалау жұмыстары барысында «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартының сақталуы және өнімдердің бекітілген талаптарға сай өндірілуі қадағаланады.