21.08.2026
Атырау
44
Атырау облысы, Құлсары қаласында орналасқан «MAKO» шұжық өндірісінде аудит-тексеру жұмыстары жүргізілді.
Аудит жұмыстарына «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы арнайы барып, кәсіпорындағы өндірістік үдерістердің халал талаптарына сәйкестігін тексерді.
Сонымен қатар, аудит жұмыстарына жергілікті бақылаушы Назарбай Абдураманов қатысты.
Тексеру барысында өндірісте қолданылатын шикізат пен өнімдердің құрамы, өндірістік үдерістер және халал стандарттарының сақталуы жан-жақты қаралды.
Айбек Асқарбекұлы: «Халал талаптарын сақтау – тұтынушыға деген жауапкершіліктің негізі. Кәсіпорындарда осы талаптардың дұрыс орындалуын тұрақты бақылауда ұстаймыз», – деді.
Аудит барысында кәсіпорын өкілдеріне халал талаптарын сақтау бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.