28.08.2026
Ақтөбе
115
Ақтөбе облысы, Қобда ауданының бас имамы Қобда қаласында орналасқан «Qobda et» ет дүкеніне халал куәлігін салтанатты түрде табыстады.
Бұл куәлік кәсіпорынның өнім дайындау, сақтау және сату үдерістерінің халал талаптарына сай жүргізілетінін растайды. «Qobda et» дүкені тұтынушыларға сапалы, таза әрі шариғат талаптарына сәйкес ет өнімдерін ұсынуды басты мақсат етеді.
Іс-шара барысында бас имам адал кәсіптің, халық сеніміне сай қызмет көрсетудің және халал стандарттарын ұстанудың маңыздылығына тоқталды.
«Qobda et» ұжымы алдағы уақытта да өнім сапасын жоғары деңгейде сақтап, тұрғындарға сенімді әрі халал өнім ұсынуды жалғастырады.
