МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА БІРҚАТАР КӘСІПОРЫНҒА ХАЛАЛ КУӘЛІКТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ
Жаңалықтар

28.08.2026

Маңғыстау облысы

91

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА БІРҚАТАР КӘСІПОРЫНҒА ХАЛАЛ КУӘЛІКТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Маңғыстау облысында халал стандарттарын ұстанатын бірқатар қоғамдық тамақтану және кондитерлік кәсіпорынға халал куәліктері табысталды.

Ақтау қаласындағы «Апорт» асханалар желісі халал куәлігіне ие болды. Аталған желі тағам өнімдерін дайындау мен ұсынуда халал талаптарын басшылыққа алатынын растап отыр.

Сонымен қатар өңірдегі кондитерлік кәсіпорындардың халал куәліктері жаңартылды. Атап айтқанда, «Manali» және «Baldai torttar» кондитерлік кәсіпорындарына тиісті куәліктер табысталды.

Бұл құжаттар кәсіпорындардың өнім өндіру, сақтау және қызмет көрсету үдерістерінің халал талаптарына сәйкестігін айғақтайды. Халал сертификаттау – тұтынушыларға сапалы, таза әрі сенімді өнім ұсынудағы маңызды қадам.

Маңғыстау облысындағы халал индустрияның дамуы тұрғындардың адал өнімге деген сұранысын қамтамасыз етіп, кәсіпкерлердің жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Телефон WhatsApp
Чем я могу Вам помочь?