31.08.2026
Түркістан облысы
102
Түркістан облысында «QMDB HALAL» стандарты талаптарының сақталуын бақылау мақсатында бірқатар кәсіпорындарда жоспарлы тексеріс жұмыстары жүргізілді.
Тексеру барысында кәсіпорындардың өндірістік үдерістері, қолданылатын шикізат пен өнімдердің құжаттары, сақтау жағдайы, санитарлық талаптар және халал стандарттарына сәйкестігі қаралды.
Бақылау жұмыстары нәтижесінде кәсіпорын өкілдеріне халал талаптарын тұрақты сақтау бойынша тиісті түсіндірмелер мен ұсыныстар берілді.
ҚМДБ «Халал Даму» мамандары тарапынан кәсіпорындарға жоспарлы бақылау және мониторинг жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.