08.09.2026
Ақтөбе
105
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласында кондитерлік өнімдер өндіретін «Caramel’e» кондитерлік цехына QMDB HALAL халал куәлігі табысталды.
Кәсіпорынның өндірістік үдерісі мен өнімдерінде қолданылатын шикізаттары халал талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеріліп, белгіленген талаптарға сай екені анықталды.
Осыған орай кәсіпорын өкілдеріне халал куәлігі салтанатты түрде табысталды.
«Caramel’e» ұжымына кәсібіне береке, жұмыстарына толағай табыс тілейміз!