АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА АЙЛЫҚ ТЕКСЕРІС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Жаңалықтар

09.09.2026

Алматы

88

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА АЙЛЫҚ ТЕКСЕРІС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ҚМДБ «Халал Даму» мамандары тарапынан Алматы қаласындағы кәсіпорындар мен қоғамдық тамақтану орындарында кезекті айлық тексеріс жұмыстары жүргізілді.

Тексеріс барысында «Бижан Ет Өңдеу зауыты» ЖШС, «Qulpynai Production» ЖШС, «Ай-Ханым» ЖК, «Қайысова Л.Қ» ЖК, «OKADZAKI» тамақтану желісі (Арена), Coffee Original (Арена) және Coffee Original (Қаскелең) нысандарының халал талаптарына сәйкестігі қаралды.

Тексеріс жұмыстарын Өміржан Терлікбаев, Жансая Есіркеген және Айжан Жексембай жүргізді.

Айлық тексеріс жұмыстары халал талаптарының тұрақты сақталуын бақылау мақсатында жүйелі түрде жүргізіледі.

Телефон WhatsApp
Чем я могу Вам помочь?