ТҮРКІСТАН ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ «АДАЛ АС – ШАРИҒАТ ТАЛАБЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Жаңалықтар

10.09.2026

Алматы облысы

100

ТҮРКІСТАН ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ «АДАЛ АС – ШАРИҒАТ ТАЛАБЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Алматы облысы, Қарасай ауданындағы Түркістан орталық мешітінде әйел жамағатына арналған «Адал ас – шариғат талабы» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жамағатқа халал әрі таза тағамның маңызын түсіндіру, күнделікті тұтынатын азық-түлікті таңдауда мұқият болуға шақыру және шариғат талаптарына сай тамақтанудың мәнін кеңінен насихаттау.

Семинар барысында қатысушыларға халал ұғымы, адал тағамның ерекшеліктері, өнім құрамындағы күмәнді қоспалар және тағам өнімдерін таңдауда ескерілетін маңызды мәселелер туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, тұтынушылардың халал өнімдерді ажырату жолдары түсіндірілді.

Семинарды «Халал Даму» мамандары Есіркеген Жансая және Жексембай Айжан өткізді.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.

«Адал ас – шариғат талабы» тақырыбындағы мұндай семинарлар халық арасында халал мәдениетін қалыптастырып, адал әрі сапалы өнімді таңдаудың маңызын түсіндіруге бағытталған.

Телефон WhatsApp
Чем я могу Вам помочь?