ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «НАРЛЕН» КӘСІПОРНЫНА ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

10.09.2026

Түркістан облысы

83

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «НАРЛЕН» КӘСІПОРНЫНА ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысында «Нарлен» шұжық цехы мен мал сою қасапханасының өндірістік қызметіне кезекті тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында кәсіпорындағы өндірістік процестердің халал талаптарына сәйкестігі, шикізаттың шығу тегі, сақтау шарттары, өндірістік тазалық және өнім өндіру барысы қаралды.

Сондай-ақ мал сою қасапханасында мал сою процесінің шариғат талаптарына сай орындалуы, санитариялық тазалық пен қауіпсіздік талаптарының сақталуына назар аударылды.

Тексеру жұмыстарын Шымкент қаласының өкілі Қазбек Сарыбаев және технолог Аружан Аралбай жүргізді.

Бақылау жұмыстары кәсіпорындардың халал талаптарын тұрақты сақтауын қамтамасыз ету және тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыру мақсатында жүргізіледі.

Телефон WhatsApp
Чем я могу Вам помочь?