ӨЗБЕКСТАНДА АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

23.09.2026

Өзбекстан, Ташкент

47

ӨЗБЕКСТАНДА АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында «QMDB HALAL» мамандарының қатысуымен кәсіпорындарға жоспарлы аудит және тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Аудит жұмыстарын Гүлмира Маратқызы және Айтмұхан Айтқожаұлы жүргізіп жатыр.

Жұмыс барысында кәсіпорындардың өндірістік нысандары, технологиялық процестері, өнім өндіру талаптары, шикізат пен қолданылатын ингредиенттері, сондай-ақ халал стандарттары мен талаптарына сәйкестігі зерделенуде.

Қазіргі уақытта «ROZMETOV Z.M.» ЖШС, «SY SWEETS CO» ЖШС, «NATURAROM FLAVORS FRAGRANCES» ЖШС және «SNACK LINE» ЖШС кәсіпорындарында аудит жұмыстары жүргізілді.

Тексеру барысында анықталған мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар беріліп, кәсіпорындардың халал талаптарына сәйкестігі жан-жақты қарастырылуда.

Ташкент қаласындағы аудит және тексеру жұмыстары қазіргі таңда жалғасып жатыр.

Телефон WhatsApp
Чем я могу Вам помочь?