ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА «QMDB HALAL» МАМАНДАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖОСПАРЛЫ АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Жаңалықтар

25.09.2026

Өзбекстан, Ташкент

97

ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА «QMDB HALAL» МАМАНДАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖОСПАРЛЫ АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында «QMDB HALAL» мамандарының қатысуымен кәсіпорындарға жоспарлы аудит және тексеру жұмыстары жалғасуда.

Аудит жұмыстарын «QMDB HALAL» мамандары Гүлмира Маратқызы және Айтмұхан Айтқожаұлы жүргізуде.

Жоспарлы аудит барысында кәсіпорындардың өндірістік үдерістері, қолданылатын шикізат пен өнімдердің халал талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ белгіленген талаптардың сақталуы жан-жақты тексерілуде.

Тексеру жұмыстары «Crafers» ЖШС, «Asma Ice Cream» ЖШС, «M’Medov», «Arden Food», «ISKO» ЖШС және «OQ OLTIN SLADUZ» ЖШС кәсіпорындарында жүргізілуде.

Аталған жұмыстар «QMDB HALAL» талаптарының орындалуын бақылау, өндірістегі халал стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету және кәсіпорындардың қызметін бағалау мақсатында жүзеге асырылуда.

Чем я могу Вам помочь?