28.09.2026
Түркістан облысы
91
Түркістан облысында «QMDB HALAL» талаптарының сақталуын бақылау мақсатында кәсіпорындарда жоспарлы тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру жұмыстарын Шымкент қаласының өкілі Қазбек Сарыбаев және технолог Аружан Аралбай жүргізді.
Жұмыс барысында кәсіпорындардың өндірістік үдерістері, қолданылатын шикізат пен өнімдердің халал талаптарына сәйкестігі қаралып, тиісті түсіндіру және бақылау жұмыстары жүргізілді.
«QMDB HALAL» мамандары кәсіпорындардағы халал талаптарының сақталуын жүйелі түрде бақылауды жалғастырады.