АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА КӘСІПОРЫНДАРҒА ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

30.09.2026

Ақтөбе

103

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА КӘСІПОРЫНДАРҒА ТЕКСЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Ақтөбе облысында «QMDB HALAL» мамандарының қатысуымен халал талаптарының сақталуына бағытталған жоспарлы аудит және тексеру жұмыстары жүргізілді.

Тексеру барысында ЖШС «Айс-Плюс» сүт зауыты, ЖШС «РОКОС Ко» шұжық өндірісі, сондай-ақ бірқатар тамақтану орындарының қызметі қаралды.

Мамандар кәсіпорындардағы өндірістік үдерістердің ұйымдастырылуына, пайдаланылатын шикізат пен өнімдердің құрамына, өндірісте қолданылатын қоспалар мен ингредиенттерге, санитариялық талаптардың сақталуына және халал стандарттарына сәйкестігіне назар аударды.

Сонымен қатар, кәсіпорындардың құжаттамасы зерделеніп, өндіріс орындарындағы технологиялық процестердің белгіленген талаптарға сәйкестігі тексерілді.

Тексеру жұмыстарының негізгі мақсаты – тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің халал талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету және «QMDB HALAL» талаптарының тұрақты сақталуын бақылау.

Чем я могу Вам помочь?