06.10.2026
Алматы
62
Алматы қаласында «Халал Даму» мамандарының қатысуымен кәсіпорындарға тексеріс жұмыстары жалғасуда.
Тексеріс барысында ЖШС «Тәп-Тәтті Алматы», ЖК «Жаксылык», «Lanzhou Северное кольцо», ЖШС «Burger na Abaya», ЖШС «Бомонд Групп», ЖШС «Qazaq guis» және ЖШС «A doner» кәсіпорындары қамтылды.
Тексеру жұмыстарын «QMDB HALAL» мамандары Өміржан Терлікбаев пен Жансая Есірекеген жүргізді.
Тексеру барысында кәсіпорындардың өндірістік үдерістері, қолданылатын шикізат пен өнімдердің халал талаптарына сәйкестігіне назар аударылды. Сонымен қатар, кәсіпорындардағы халал стандарттарының сақталуы және өндіріс барысының белгіленген талаптарға сәйкестігі қаралды.
«QMDB HALAL» мамандары тарапынан кәсіпорындарға қажетті түсіндірме және ұсыныстар беріліп, жоспарлы тексеріс жұмыстары өз жалғасын табуда.