ОРАЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «КУБЛЕЙ» ЖШС КӘСІПОРНЫНДА ТЕКСЕРІС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

20.10.2026

БҚО

55

ОРАЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «КУБЛЕЙ» ЖШС КӘСІПОРНЫНДА ТЕКСЕРІС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында «Халал Даму» мамандарының іссапары аясында «Кублей» ЖШС кәсіпорнында кезекті тексеріс жұмыстары жүргізілді.

Тексеріс жұмыстарын «Халал Даму» мамандары Айтмұхан Айтқожаұлы мен Мейіржан Бауыржанұлы жүргізді.

Аудит барысында кәсіпорынның төмендегі өндіріс бағыттары қамтылды:

  1. Қасапхана және ет өңдеу өндірісі;
  2. Жартылай дайын өнімдер өндірісі;
  3. Консерві өнімдерінің барлық түрлерін өндіру үдерісі.

Тексеріс кезінде өндірілетін өнімдердің халал талаптарына сәйкестігіне, сондай-ақ өндіріс үдерістерінің белгіленген талаптарға сай ұйымдастырылуына баса назар аударылды.

Мұндай тексеріс жұмыстары кәсіпорындардағы халал талаптарының сақталуын бақылауға және тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Чем я могу Вам помочь?