23.10.2026
Қызылорда
13
Қызылорда қаласындағы «Айтбай» мешітінде имамдарға арналған «Халал – тек тағам емес, таңдау мәдениеті» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Семинарды «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы жүргізді.
Кездесу барысында халал талаптарының маңызы, адал өнімді таңдау мәдениеті және халал қағидаттарын қоғам арасында кеңінен насихаттау мәселелері сөз болды. Сонымен қатар, имамдардың халыққа халал ұғымын дұрыс түсіндірудегі рөліне ерекше назар аударылды.
Семинардың негізгі мақсаты – халал мәдениетін қалыптастыру, діни сауаттылықты арттыру және қоғам арасында адалдық құндылықтарын кеңінен дәріптеу.