ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ТЕКСЕРІС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

25.10.2026

77

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ТЕКСЕРІС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қаласында «Халал Даму» мамандарының қатысуымен бірқатар кәсіпорында тексеріс жұмыстары жүргізілді.

Тексеру барысында «Ет Агро Манкент» және «Kaz Eco Meat» қасапханаларының, сондай-ақ «Magnum» сауда желісінің жұмысы қамтылды. Мамандар кәсіпорындардағы халал талаптарының сақталу барысын тексеріп, өнімдердің шариғат талаптарына сәйкестігіне назар аударды.

Тексеру жұмыстарына «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, мамандары Нұрбек Қабыкенов, Қазбек Сарыбаев және Аружан Аралбай қатысты.

Мұндай тексерістер халал талаптарының сақталуын бақылауға, тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Чем я могу Вам помочь?