30.10.2026
Алматы
72
Алматы қаласында «Халал Даму» мамандары тарапынан бірқатар кәсіпорындар мен сауда орындарында кезекті бақылау-тексеру жұмыстары жүргізілді.
Аудит барысында «Green City» ЖК, «Хлебобулочный комбинат «АЛМАТЫНАН» ЖШС, «Adal Food Company» ЖШС, «Casserole» ЖК, «Alba Foods Company» ЖШС кәсіпорындары, сондай-ақ ет дүкендері мен «Magnum» супермаркеттер желісі қамтылды.
Тексеріс жұмыстары барысында өндіріс орындарындағы санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына, қолданылатын шикізат пен тағамдық қоспалардың құрамына, өнімдерді сақтау және өңдеу жағдайларына, сондай-ақ өндірістік үдерістердің халал стандарттарына сәйкестігіне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар сауда орындарында ұсынылатын өнімдердің халал талаптарына сәйкестігін бақылау және тұтынушыларға сапалы әрі адал өнім ұсыну мәселелері назарға алынды.
Аталған бақылау шаралары халал стандарттарының сақталуын қамтамасыз етуге, кәсіпорындардың жауапкершілігін арттыруға және тұтынушылардың халал өнімдерге деген сенімін нығайтуға бағытталған.