05.11.2026
Талдықорған
37
Талдықорған қаласындағы «Нұр» мешітінде «Адал ас» тақырыбында танымдық семинар ұйымдастырылды.
Семинарды «Халал Даму» технологы Жансая Есіркеген жүргізді.
Іс-шара барысында халал тағамның маңыздылығы, азық-түлік өнімдерінің құрамы, тағамдық қоспалар және шариғат талаптарына сай адал ас тұтынудың негізгі қағидалары кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар қатысушыларға өнім таңдауда халал сертификатына назар аударудың маңыздылығы айтылып, күнделікті тұтынатын тағамдардың адалдығына мән беру қажеттігі түсіндірілді.
Семинардың негізгі мақсаты – қоғамда халал мәдениетін қалыптастыру, адал ас тұтыну туралы ақпараттандыру және халықтың халал талаптары жөніндегі сауаттылығын арттыру.