АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

06.11.2026

Алматы

30

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Алматы қаласында «Халал Даму» мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлының қатысуымен халал талаптарының сақталуын бақылау мақсатында кезекті аудит жұмыстары жүргізілді.

Аудит барысында кәсіпорындардың өндірістік процестері, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, қолданылатын шикізаттар мен тағамдық қоспалардың құрамы, сондай-ақ өнімдердің халал стандарттарына сәйкестігі назарға алынды.

Сонымен қатар кәсіпорын өкілдеріне халал стандарттарының талаптарын сақтау, өнім сапасын арттыру және өндірістік бақылауды күшейту бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, «Халал Даму» мекемесі тарапынан халал куәлік алған кәсіпорындарға тұрақты түрде бақылау және аудит жұмыстары жүргізіліп келеді.

Чем я могу Вам помочь?