АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРҒА АУДИТ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

06.11.2026

Ақмола облысы

9

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРҒА АУДИТ ЖҮРГІЗІЛДІ

«Халал Даму» мекемесінің Ақмола облысы бойынша жергілікті өкілі Науан Муталов және технолог Мейіржан Бауыржанұлы өңірдегі бірқатар кәсіпорында жоспарлы тексеріс жұмыстарын жүргізді.

Тексеріс барысында кәсіпорындардың өндірістік үдерістері, қолданылатын шикізат пен тағамдық қоспалардың құрамы, өнімдердің сақталу шарттары, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы назарға алынды.

Сонымен қатар өндіріс орындарында халал стандарттарының сақталуына ерекше көңіл бөлініп, кәсіпорын қызметкерлеріне халал талаптарын қатаң ұстану, өнім сапасын қамтамасыз ету және өндірістік бақылауды күшейту бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аталған шараның негізгі мақсаты – халал өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәсіпорындардың бекітілген стандарттарға сәйкестігін бақылау және тұтынушылар сенімін арттыру.

Чем я могу Вам помочь?