06.11.2026
Шымкент
10
Шымкент қаласында орналасқан «Смирнов» кондитерлік үйі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал Даму» мекемесі тарапынан халал куәлігіне ие болды.
Кәсіпорынның өндірістік қызметі, өнім құрамында қолданылатын шикізаттар мен тағамдық қоспалардың халал талаптарына сәйкестігі назарға алынды.
Тексеру нәтижесінде кондитерлік үйдің өнімдері халал стандарттарының талаптарына сәйкес деп танылып, кәсіпорынға «Халал Даму» куәлігі табысталды.
«Халал Даму» мекемесі отандық кәсіпорындарда халал стандарттарының сақталуын қадағалау және тұтынушыларды сенімді өнімдермен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.