13.11.2026
42
Өскемен қаласында әйелдер жамағатына арналған халал тақырыбында танымдық семинар ұйымдастырылды.
Семинарды «Халал Даму» маманы Айжан Қалмаханқызы жүргізіп, қатысушыларға адал ас тұтынудың маңыздылығы, халал өнімдерді таңдау ерекшеліктері және тағам құрамындағы күмәнді қоспалар туралы түсіндірді.
Сонымен қатар, кездесу барысында халал стандарттарының талаптары мен күнделікті тұтынатын өнімдердің құрамына мән берудің маңыздылығы кеңінен сөз болды.
Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маман тарапынан жауап алды.