ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДА АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

13.11.2026

46

ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДА АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Өскемен қаласындағы бірқатар өндіріс орындарында «Халал Даму» мекемесінің мамандары тарапынан аудит жұмыстары жүргізілді.

Аудит барысында кәсіпорындардың өндірістік үдерістері, пайдаланылатын шикізат пен тағамдық қоспалардың құрамы, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы және өнімдердің халал стандарттарына сәйкестігі тексерілді.

Сонымен қатар мамандар кәсіпорын өкілдеріне халал талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тиісті ұсыныстарын жеткізді.

«Халал Даму» мекемесі өнім сапасы мен халал талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында бақылау жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.

Чем я могу Вам помочь?