20.11.2026
Шымкент
27
Шымкент қаласында «Халал Даму» мекемесінің мамандары тарапынан халал стандарты бойынша сертификатталған кәсіпорындар мен қоғамдық тамақтану орындарына тексеріс жұмыстары жүргізілді.
Тексеріс жұмыстарын «Халал Даму» Шымкент қаласы бойынша жергілікті өкілі Қазыбек Сарыбаев пен технолог Аружан Аралбай жүргізді.
Тексеріс барысында өндірістік үдерістердің талапқа сай ұйымдастырылуы, қолданылатын шикізат пен тағамдық қоспалардың құрамы, өнімдерді дайындау және сақтау шарттары, сондай-ақ QMDB Halal стандарты талаптарының сақталуы бақылауға алынды.
Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне халал талаптарын сақтау, өндірістік тазалықты қамтамасыз ету және өнім сапасын тұрақты бақылауда ұстау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Халал Даму» мекемесі адал өнім өндірісін қамтамасыз ету және халал стандарттарының сақталуын қадағалау мақсатында еліміздің барлық өңірінде тексеріс жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.