АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ЕТ ӨНІМДЕРІН САТУ НЫСАНДАРЫНДА ТЕКСЕРІС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

21.11.2026

Алматы

24

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ЕТ ӨНІМДЕРІН САТУ НЫСАНДАРЫНДА ТЕКСЕРІС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Алматы қаласында «Халал Даму» мамандары тарапынан ет өнімдерін сатумен айналысатын сауда орындарында халал талаптарының сақталуына қатысты тексеріс жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда, «Алаш ет», «Қсылдың еті», «Асық ет», «Meat to Eat» және «Magnum» сауда желілерінде бақылау шаралары ұйымдастырылды.

Тексеріс барысында ет өнімдерінің шығу тегі, жеткізушілердің тиісті құжаттары, өнімдерді сақтау шарттары мен халал стандарттарының сақталуына ерекше назар аударылды.

Аталған жұмыстар тұтынушыларға ұсынылатын ет өнімдерінің халал талаптарына сәйкестігін қадағалау, өнім сапасы мен қауіпсіздігін бақылау мақсатында жүзеге асырылды.

«Халал Даму» мекемесі тарапынан халал стандарттарының сақталуын бақылау және қадағалау жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

Чем я могу Вам помочь?