ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛІП, СҮТ ЗАУЫТТАРЫНА ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

23.11.2026

Жамбыл облысы

22

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛІП, СҮТ ЗАУЫТТАРЫНА ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ

Жамбыл облысы Жуалы ауданында халал стандарттарының талаптарын түсіндіру мақсатында семинар ұйымдастырылып, сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорындарға тексеріс жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шараларды «Халал Даму» мекемесінің жергілікті технологы Аймекен Амангелдіқызы жүргізді.

Семинар барысында халал өнім өндірудің маңыздылығы, шариғат талаптары, өндірістік тазалық пен тағам қауіпсіздігі мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, сүт зауыттарында жүргізілген тексеріс барысында өндірістік үдерістердің халал стандарттарына сәйкестігі, қолданылатын шикізат пен тағамдық қоспалардың құрамы, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы назарға алынды.

«Халал Даму» мекемесі отандық кәсіпорындарда халал талаптарының сақталуын қадағалау және түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.

Чем я могу Вам помочь?