23.10.2023
4
Шариғат тұрғысынан доңыз харам болып есептелетіндіктен, одан жасалған кез-келген өнімді де қолдануға рұқсат етілмейді. Сондай өнімдердің бірі – щетка.
Доңыздың қылшықтарынан қылқалам, щеткаларды (қолданысқа арналған кез-келген щетка), қырынуға арналған жақпа майларын, тарақтарды, массаж құралдарын жасайды. Көбіне наубайханаларда, кондитерлік цехтарда өнімнің үстіне жақпа жағу үшін малярлық щеткаларды, құрылыстық жағдайларында ақтау, сырлау үшін де щеткаларды қолданып жатады. Ал, ол доңыздан алынды ма, синтетикалық щетка ма тексере бермейді. Өнімнің халалдығына көңіл бөлетін тұтынушыға мұндай өнімдерді қолданбаған абзал. Керісінше өнімнің баламасы ретінде шариғатта рұқсат етілген жануардан жасалатын щеткаларды немесе полиэстер сияқты жасанды материалдардан дайындалған аналогтарды пайдалану қажет.
Щетканың доңыздан жасалғанын қалай ажыратуға болады?!
Сондықтан, щеткаларды қолданар алдын неден жасалғанына ерекше көңіл бөлгеніңіз абзал.


