26.11.2025
9
Алматы қаласындағы кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, «Ким Максим», «Бижан Ет Өңдеу зауыты», «Ерназар», «Begemot almaty», «Nauryz Food», «Dream Product», «Копбатырова», «Lanzhou Company» кәсіпорындары тексерілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Дамудың» жергілікті мамандары Өміржан Терлікбаев пен Жансая Есіркеген орындады.
Тексеріс барысында кәсіпорындардың өндірістік цехтары, қоймалары, шикізат қабылдау аймақтары және дайын өнімді қаптау орындары жан-жақты қаралды. Сондай-ақ құжаттамалар, өнімдердің шығу тегі, технологиялық карталар, қосымша қоспалардың құрамы мен олардың халал талаптарына сәйкестігі жіті зерделенді. Мамандар қызметкерлердің санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау деңгейін, құрал-жабдықтардың тазалығын тексерді. Аудит нәтижелері бойынша бірқатар ұсыныстар беріліп, талаптарды күшейтуге бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.




