Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

Жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының (ҚМДБ) төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің басшылығымен 2014 жылдың 8 қазанында «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі ашылған болатын. 2016 жылдың 22 ақпанынан бері ҚМДБ-ның жанынан ашылған «Халал Даму» ЖШС халал стандарттау және сертификаттаумен айналысуда. Аталмыш ұйымның негізгі бағыттары елімізде халал индустрияны реттеу, мұсылмандарды сенімді халал, әрі сапалы өнімдермен қамтамасыз ету, дін мамандарының және қарапайым халықтың білімін арттыру, отандық халал кәсіпорындардың дамуына қолдау көрсету, халал өнімдердің халыққа қолжетімді болуына, мұсылман елдеріне шығуына мүмкіндік жасау.

Халал сертификатын алғысы келген кәсіпкер ең алдымен «Халал Дамудың» сайты арқылы онлайн түрде немесе Діни басқарманың ғимаратына келіп өтінішін жазуы керек. Содан кейін заңды құжаттары мен өнім үлгілерін (проба) жолдайды. Құжаттары тексеріліп, кәсіпкердің өтініші тіркеуге алынады. Кәсіпорынның құжаттары бекітіледі. Сертификаттау тәсілі анықталады. Сарапшылар комиссиясы кәсіпорынның жұмыс барысымен, өндіріс тәсілдерімен, шариғат талаптарына сай болу деңгейін анықтайды. Өнім үлгілерінің құрамы анықталады. Ол үшін біз Қазақстан-Жапон инновациялық генетикалық модификацияланған зертханамен келісімге отырып, бірлесіп жұмыс жасаймыз. Туындаған сұрақтар бойынша, соныменқатар фиқһ мәселесі бойынша кеңес беріледі. Сарапшы комиссиясының қорытындысы шығады. Мекеме өнімдері мен қызметін бағалайтын актілер бойынша шариғи қорытынды дайындалады. Кәсіпорнының қызметкерлеріне ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС ұйымы туралы, халал ережелері, стандарт жайында ақпараттар беріледі. Оқу семинарлары, тренингтер өткізіледі, оқу призентациялары мен бейне видеолар ұсынылады. Кәсіпорынға тұрақты бақылаушы жауапты тұлға бекітіледі.Акт жасалады. Қорытынды мен сертификат дайындалады. Сертификат табысталады.

Сертификат беру мерзімі кәсіпорнның өндіріс аумағының ауқымдылығына, құжаттарды түгендеп тапсыру мерзіміне, зертханалық тексеріс нәтижесінің дайындалу ұзақтығына байланысты.

ҚМДБ-ның «Халал» сертификаты барша мұсылман қауымының сенімін арқалайтын құжат. Сондықтан «Халал Даму» ЖШС тарапынан кәсіпорындар мен мекемелерді тексеру кезінде кәсіпорынның қызметі, тағам өнімдерінің құрамы халал талаптарына сай болуына, құжаттарының дұрыстығына, үнемі қадағаланып, тексеріліп отыруына аса мән беріледі. Кәсіпорынның «Халал» сертификатын алуы келесі тәртіп бойынша орындалады: 1) Кәсіпкер «Халал Даму» ЖШС директорының атына өтінішін, заңды құжаттары мен өнім үлгілерін (проба) жолдайды; 2) Тараптар арасында «Халал» өнім өндіру және қызмет көрсету бойынша консалтинг өткізу туралы келісім шарт жасалады; 3) Құжаттары тексеріліп, кәсіпкердің өтініші тіркеуге алынады; 4) Кәсіпорынның құжаттары бекітіледі; 5) Сертификаттау тәсілі анықталады; 6) Сарапшылар комиссиясы кәсіпорынның жұмыс барысымен, өндіріс тәсілдерімен, шариғат талаптарына сай болу деңгейін анықтайды. 7) Өнім үлгілерінің құрамы анықталады. Ол үшін біз Қазақстан-Жапон инновациялық генетикалық модификацияланған зертханамен келісімге отырып, бірлесіп жұмыс жасаймыз. Бұл зертхананың технологиясы заманымыздың ең мықты деген зертханалардан кем емес. Өнімнің құрамында өте аз мөлшерде де доңыздың ДНҚ-сын анықтап бере алатын мүмкіндікке ие. 8) Туындаған сұрақтар бойынша, соныменқатар фиқһ мәселесі бойынша кеңес беріледі; 9) Сарапшы комиссиясының қорытындысы шығад; 10) Мекеме өнімдері мен қызметін бағалайтын актілер бойынша шариғи қорытынды дайындалады; 11) Кәсіпорнының қызметкерлеріне ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС ұйымы туралы, халал ережелері, стандарт жайында ақпараттар беріледі. Оқу семинарлары, тренингтер өткізіледі, оқу призентациялары мен бейне видеолар ұсынылады; 12) Кәсіпорынға тұрақты бақылаушы жауапты тұлға бекітіледі; 13) Акт жасалады; 14) Қорытынды мен сертификат дайындалады; 15) Сертификат табысталады.

Халықаралық және өңірлік стандарттардың «халал» талаптарға сәйкестігі тұрғысынан сынақтар жүргізуге арналған зертханалық базаны дамыту мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК мекемесімен екіжақты келісім-шарт жасалды. Бүгінгі күні келісім-шартқа сәйкес зертханалық базада өнім құрамын молекулалық-генетикалық тұрғыдан тексеру жұмыстары жолға қойылды.

Сертификаттаудан өтуші кәсіпорын өнімдеріне лабораториялық тексерісті орындау үшін 2015 жылы Алматыдағы «TreeGene» молекула-генетикалық зертханасымен, 2016 жылы Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институтының зерттеу (КазНИВИ) орталығымен, 2018 жылы Ұлттық экспертиза орталығы зертханаларымен меморандум бекітілді. 2020 жылы халықаралық және өңірлік стандарттардың «халал» талаптарға сәйкестігі тұрғысынан сынақтар жүргізуге арналған зертханалық базаны дамыту мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК мекемесімен екіжақты келісімшарт жасалды. Келісімшартқа сәйкес зертханалық базада өнім құрамын молекулалық-генетикалық тұрғыдан тексеру жұмыстары жолға қойылды.

Халал сертификаты негізінде тағам өнімдеріне байланысты беріледі. Себебі, әлемде халал азық-түлік мәселесі өзекті тақырыпқа айналып отыр. «Халал Даму» ЖШС-дан сертификат алған кәсіпорындардың қатарында: шұжық өнімдерін шығаратын кәсіпорындары, құсфабрикалары, кондитерлік, ұн, қамыр өнімдеретін кәсіпорындары, емдік-профилактикалық өнімдер, косметика, сусын, жарма, шикізаттар өндіретін кәсіпорындары, қоғамдық тамақтану орындары, ет өнімдерін шығаратын цехтар мен қасапханалар бар. Ал киім-кешек және сол сияқты заттар мен бұйымдарды сертификаттауда еш қажеттілік жоқ.

ҚР бойынша әр өңірде Бас мүфтидің бұйрығымен сертификатталған кәсіпорындарды жүйелі түрде қадағалайтын бақылаушы-инспекторлар тағайындалған. Бұл өкілдерге өздеріне қарасты аймақтардағы халал кәсіпорындарын қадағалау жүктелген. Кәсіпорындарға бақылаушыны тағайындау, халал бағыты бойынша оқыту, уағыз-насихат, түсіндірме жұмыстарын жүргізу, кәсіпорындардың құжаттарын саралап жинақтау, оларды «Халал Даму» ЖШС-ға жолдау қызметтерін атқарады.

Халал сертификаттау халықаралық сауда нарығына шығудың маңызды құралы. Халал индустриясының 90% -ы мұсылмандарға, ал қалған 10% -ы Таяу Шығыс елдеріне тиесілі.  Шет ел нарығында отандық халал өнімдер санын арттыру мақсатымен "Халал Даму" ұйымы 2018 жылы Малайзиялық JAKIM ұйымынан аккредитациядан өтті. Нәтижесінде отандық халал өнімдер әлемнің 47 алпауыт еліне "ҚМДБ халал" таңбасымен еш кедергісіз экспортталына алады.