Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

СЕРТИФИКАТТАУ

Мына бағыттар бойынша сертификаттау жұмыстарын жүргіземіз:

  • Ауылшаруашылығы жануарлары мен құстарды сою;
  • Тамақ өндірісі

ОҚЫТУ

Ауылшаруашылық саласыда, қасапханаларда жануарлар мен
құстарды шариғат және халал стандарты талаптарына сай
бауыздау үшін қасапшыларға, тамақ өндірісі саласының
мамандарына жеке және топтық семинар-тренингтер өткіземіз.

1. Өтінім

Өтініш беруші халал сәйкестігін сертификаттау мүмкіндігін алдын ала талдау үшін өтінім мен құжаттарын жібереді

2. Келісмшарт

Өтінім қабылданған жағдайда клиентке келісімшарт және қажетті құжаттаманың тізімі жіберіледі. Клиент сертификаттау қызметтері үшін 100% алдын ала төлем жасайды.

3. Аудиттің 1 кезеңі

Төлемді алғаннан кейін сарапшылар клиенттің құжаттамасына талдау жасайды

4. Аудиттің 2 кезеңі

Аудиттің 1-ші кезеңі оң нәтиже көрсеткен жағдайда аудиторлық топ аудиттің 2-ші кезеңінде кәсіпорынның өндіріс жағдайына талдау жүргізеді.

5. Түзету әрекеттері

Аудиттің әр кезеңі аяқталғаннан кейін біз анықталған сәйкессіздіктер туралы есеп жібереміз. Клиент анықталған сәйкессіздіктер бойынша түзету шараларының жоспарын дайындайды және аудиттің әрбір кезеңінде сәйкессіздіктерді жою туралы дәлелдемелерді аудиторлық топқа жібереді. Аудиторлық топ жүргізілген бастапқы сертификаттау аудитінің нәтижелері бойынша аудиторлық есеп дайындалады.

6. Шешім қабылдау

Аудит нәтижелері сертификаттау комитетінің мүшелеріне жіберіледі.


7. Халал сертификаты

Комитеттің оң шешімінен кейін орталық мамандары халал сертификатын дайындайды және оны клиентке жібереді.

8 . Инспекциялық бақылау

Халал сертификатының жарамдылық мерзімі ішінде біздің сарапшылар клиенттің халал талаптарды орындауын бақылау үшін жоспарлы және жоспардан тыс инспекциялық аудиттер жүргізеді.