Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

06 тамыз 2025

22

Жаңалықтар

АЛМАТЫ: 6 КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Алматы қаласындағы «Рябкова» (Конфетки-бараночки) кондитерлік өнімдері, «MDG Group.kz» (Mangal Doner), «Тлегенов М.Ш» (Palau), «HISAR YAPI» (Хисар Япы), (Çıçek Mangal) дәмханалары, «SBKCompany» кәсіпорны «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

Сертификаттарды табыстау рәсімі барысында кәсіп иелеріне халал стандартының талаптары мен артықшылықтары туралы түсіндірілді. «Халал Даму» мамандары өндіріс орындарын тексеру барысында өнімнің құрамы, шикізат жеткізушілер, санитарлық-гигиеналық жағдайлар, жұмысшылардың арнайы дайындықтан өтуі секілді бірқатар маңызды критерийлерге назар аударды.

Айбек Асқарбекұлы өз сөзінде: «Халал сертификаты – тұтынушыға сенім ұялатып, адал әрі сапалы өнім ұсынудың кепілі. Бұл – кәсіп иелерінің жауапкершілігін арттырып, нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін де жоғарылатады», – деп атап өтті.

Сертификат иеленген кәсіпорындар мен қоғамдық тамақтану орындарына алдағы уақытта да тұрақты түрде бақылау жүргізіліп отырады. Сонымен қатар, қызметкерлерге халал талаптарына сай семинарлар ұйымдастыру жоспарлануда.

 


Бөлісу: