Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

19 желтоқсан 2025

36

Жаңалықтар

БҚО: ШҰЖЫҚ ЦЕХТАРЫНДА ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРІС

Батыс Қазақстан облысындағы «Ет өнімі» және «Приуралье» шұжық цехтарында жоспардан тыс аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Асхат Асылбеков орындады.

Аудит барысында аталған шұжық цехтарындағы өндірістік процестердің шариғат талаптарына және қолданыстағы халал стандарттарына сәйкестігі жан-жақты тексерілді. Атап айтқанда, пайдаланылатын шикізаттың шығу тегі,  өндірістік желілердің санитарлық-гигиеналық жағдайы мұқият бақылауға алынды.

Тексеру нәтижесінде бірқатар ұйымдастырушылық және технологиялық аспектілер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, анықталған ескертулерді жою жөнінде нақты ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, кәсіпорын басшылығына халал талаптарын сақтау мәдениетін одан әрі күшейту, ішкі бақылау жүйесін жетілдіру және құжаттаманы талапқа сай жүргізу қажеттілігі ескертілді.

Жоспардан тыс аудиттің басты мақсаты – тұтынушыларға ұсынылатын өнімнің қауіпсіздігі мен халал талаптарына толық сәйкестігін қамтамасыз ету, сондай-ақ кәсіпорындардың жауапкершілігін арттыру болып табылады.


Бөлісу: