
«Day-day» фаст-фуд өнімдері сертификатталды
**«Day-day» сауда белгісімен суши және пицца фаст-фуд өнімдерін дайындайтын «Hukm» кәсіпорны «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды.** Тағам дайындауда қолданылатын дайын өнімдер мен тағамдық қоспалар технолог мамандар тарапынан толықтай тексерілді. Рұқсат етілмеген азық-түліктер мен қоспалар қолданысы тоқтатылды. «Халал Даму» мамандарымен бірлесе жүргізілген жұмыс нәтижелерінен соң, «Day-day» пицца және суши өнімдері «Тамақтану қызметтері», «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы стандарт талаптары» бойынша сертификатталды. «Hukm» кәсіпорны қызметкерлеріне оқу-семинар шаралары өткізіліп, «ҚМДБ халал» сертификаты табысталды. «Day-day» фаст-фуд өнімдеріне берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 24.11.2020-23.11.2021 Халал, табиғи таза әрі дәмді, тез дайындалатын пицца және сушиден дәм татқыңыз келсе, Нұр-Сұлтан қаласы, Самал ықшам ауданы, 9 үй мекен-жайына келіңіз!  