
Маңғыстау облысында айлық тексеріс
**Маңғыстау облысындағы «ҚМДБ халал» сертификатына ие кәсіпорындарда айлық бақылау-қадағалау шаралары жүргізілді. Аудит жұмыстарын жергілікті жауапты өкіл Айтқожаев Мәжіт өткізді.** Тексеріс барысында «Стамбул ет» дүкені, «Plove me» дәмханасы, «Yufka» жартылай фабрикат өнімдерін дайындаушы кәсіпорын, «Тұман-шах» құсфабрикасының өндіріс аймағы қадағаланып, «Берекет ет» дүкені мен «Cofee River» дәмханаларына жаңартылған сертификаттары табысталды. Қазіргі таңда, Маңғыстау облысы бойынша 12 кәсіпорын «ҚМДБ халал» стандарт талаптарына сай жұмыс жасайды.   