Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

16 маусым 2025

39

Жаңалықтар

«QMDB HALAL» ЛОГОТИПІН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНУШЫ

Құрметті тұтынушылар! Ақмола облысы, Жібек жолы ауданында орналасқан шұжық өнімдерін өндіруші ЖК «Ким А. И» кәсіпкерлігі «QMDB Halal» логотипін заңсыз пайдаланып келгені анықталды.

Аталған кәсіпорын «Халал Даму» мекемесінен ешқандай халал сертификатын алмаған, алайда өнім қаптамаларында «QMDB Halal» таңбасын қолдану арқылы тұтынушыларды алдаған. Бұл заң бұзушылық дерегі бойынша материалдар құзырлы органдарға жолданып, іс сотқа берілді.

Тұтынушы ретінде сіздің құқығыңыз — таза, адал әрі сенімді өнім тұтыну. Ал «QMDB Halal» таңбасын рұқсатсыз қолдану — жауапкершілікке әкелетін ауыр құқықбұзушылық. Халал өнімді таңдағанда міндетті түрде сертификаттың бар-жоғына және жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз!

Бөлісу: