.jpeg)
Шымкент: шұжық цехтарымен семинар
**Шымкент қаласында орналасқан «ҚМДБ халал» шұжық цехтарының басшылары, технолог мамандары және қасапшыларының қатысуымен семинар өткізілді. «Халал Дамудың» жергілікті жауапты өкілі Сарыбаев Қазыбектың ұйымдастыруымен өткізілген оқу-семинарға Сайрам тұрғын алабы және Абдулла Абат тұрғын алабында орналасқан шұжық өндіруші кәсіпорындар қатысты.** Семинар барысында халал стандарты бойынша өнім өндірудің ерекшеліктері, «Халал Даму» тарапынан қойылатын талаптар мен бақылау-қадағалау шараларын жүргізудің маңыздылығы, жергілікті тұтынушыларды халал шұжық өнімдерімен қамтамасыз ету қажеттігі түсіндірілді. Сертификат алуға өтініш білдірген «Нұр-Дәулет» шұжық цехының жұмысымен танысып, «ҚМДБ халал» серттификатының маңыздылығы жеткізілді. Сонымен қатар жақында ғана жаңартылып, іске қосылған «Халал Дамудың» www.halaldamu.kz сайты таныстырылды.   