
АҚТӨБЕДЕГІ КӘСІПОРЫНДАР СЕРТИФИКАТ ЖАҢАРТТЫ
Ақтөбе қаласындағы «Good Food» фаст-фуд желісі, «Taga» жартылай фабрикаттары, «Адал» және «Jungle Park» дәмханаларында айлық аудит шаралары жүрігізіліп, халал сертификатттары жаңартылды. Бақылау-қадағалау шараларын технолог Ақмаржан Ержанқызы орындады.
«Өңіріміздегі халал кәсіпорындар саны артып келеді. Және де халал стандартына сай сертификатталған кәсіпорындар сертификаттарын жыл сайын тұрақты түрде жаңартып тұрады. Осы айда Ақтөбе қаласындағы 4 кәсіпорында сертификат жаңарту процессі жүргізілді. Жаңартылған сертификатты табыстар алдын, міндетті аудит шаралары орындалды. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне халал жөнінде түсіндіру, оқыту жұмыстары да қатар жүргізілді», – дейді жауапты маманымыз.