
ТҮРКІСТАН: АЛҒАШҚЫ ХАЛАЛ ДӘМХАНА
Түркістан облысы, Кентау қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесінде орналасқан «Salem» фаст-фуд өнімдерін өндіруші дәмхана «QMDB Halal» сертификатын алды.
Куәлікті Түркістан облысы бойынша «Халал Даму» бөлімінің өкілі Мұстафа Қалжанұлы мен Кентау қаласының бас имамы Айкеев Ғалымжан жұма намазында Кентау қалалық орталық мешітінде жамағатқа таныстырып, табыстады. Айта кетейік, бұл – Кентау қаласында халал куәлігін алған алғашқы дәмхана.