Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

12 маусым 2025

17

Жаңалықтар

ЖАМБЫЛ: ШҰЖЫҚ ЦЕХТАРЫ ТЕКСЕРІЛУДЕ

Жамбыл облысындағы «Сарыбас», «Асланбек», «Шамахсутов» шұжық цехтарында кезекті айлық аудит жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы, технолог Аблайхан Кәріпбаев орындады.

Тексеріс барысында кәсіпорындардың шұжық өнімдерін өндіру, сақтау және тасымалдау кезеңдерінде «Халал» стандарты талаптарының сақталуына ерекше назар аударылды. Әр цехта пайдаланылатын шикізаттардың құрамы, қосалқы қоспалардың шариғатқа сай болуы, өндіріс құрал-жабдықтарының тазалығы мен бөлек пайдаланылуы егжей-тегжейлі қаралды.

Сондай-ақ, қызметкерлердің халал талаптары бойынша білім деңгейі тексеріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жауапты мамандар тарапынан цех қызметкерлеріне өндірістегі халал қағидаларын ұдайы сақтау, өнім сапасына ұқыпты қарау бойынша нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.

«Аудит нәтижесінде бірқатар оң өзгерістер мен жетілдірулер байқалды. Бұл — кәсіпорындардың халал стандарттарына адал әрі жауапкершілікпен қарайтынын білдіреді. «Халал Даму» алдағы уақытта да тұрақты түрде бақылау шараларын жүргізіп, отандық өнімнің сапалы әрі шариғат талаптарына сай болуын қамтамасыз етуді жалғастырады», – дейді Айбек Асқарбекұлы.


Бөлісу: