Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

13 маусым 2025

12

Жаңалықтар

ЖЕТІСУ: ҚАСАПШЫЛАР СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Жетісу облысында бірқатар қасапшыларға арнайы «Қасапшы куәлігі» табысталды. Салтанатты рәсімде куәліктерді Жетісу облысының бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы табыстап, қасапшылардың адал кәсіпке деген жауапкершілігі мен шариғат талаптарына сай қызмет етуінің маңыздылығына тоқталды.

Оқыту-семинар барысында «Халал Дамудың» Жетісу облысы бойынша жауапты өкілі Мұхаммед Ордыбай қатысушыларға шариғат талаптарына сай мал сою тәртібі, етті өңдеу және сақтау, құрал-жабдықтардың тазалығы, өндірістік гигиена, сондай-ақ, халал стандарттарының негізгі талаптары жайлы жан-жақты түсіндірме берді. Аталған оқу-семинар «Мал бауыздау және ет өңдеу» стандарты аясында ұйымдастырылып, қасапшылардың кәсіби әрі рухани жауапкершілігін арттыруға бағытталды.

Бөлісу: