АТЫРАУДАҒЫ ДӘМХАНАЛАР ТЕКСЕРІЛДІ
Атырау облысындағы дәмханаларда айлық аудит жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, «Afsona», «Travelers coffee», «Cakes&bakes», «Cofe river», «Travelers coffee», «Sarqyt», «Cakes», «Nan» дәмханалары тексерілді.
Аудит барысында «QMDB Halal» стандарты талаптарының сақталуы, пайдаланылатын шикізаттың шығу тегі, тағам дайындау процесі, санитарлық-гигиеналық жағдайлар, сондай-ақ халал талаптарына сай өндірістік тәртіп жан-жақты қаралды. Тексеру нәтижесінде бірқатар дәмханаларға әдістемелік түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, анықталған ескертулер бойынша нақты ұсыныстар берілді.





