Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

24 тамыз 2020

1209

Жаңалықтар

«Bahandi Burger» сертификаттаудан өтуде

***Шымкент қаласындағы ірі «фаст-фуд» өндірушілердің бірі - «Bahandi Burger» «ҚМДБ халал» сертификатын алуға ұсыныс білдірді.** «Халал Дамудың» директоры Айбек Аташев @aibekaskarbekuly, инспектор-контролер Сарыбаев Қазыбек, бас технолог Айжан Омарова @aizhan_omar89 кәсіпорынның өндіріс цехында бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізіп, технологиясымен танысты. Тексеріс барысында анықталғандай фаст-фуд өнімдерін дайындауда қолданатын ең маңызды шикізат көзі - ет пен нан өнімдері кәсіпорынның цехында дайындалады. Дайын өнім сату нүктелеріне жөнелтіледі. Қазіргі таңда «Bahandi Burger» фаст-фуд кәсіпорнының Шымкент қаласында 3 сауда нүктесі бар. Бақылау-қадағалау барысында «Bahandi burger» fast-food желісінің өндірісі мен өнімдері «ҚМДБ халал» стандарты талапарына толықтай сай екендігі анықталды. Аудит жұмыстарынан кейін «Bahandi Burger» басшылығы мен қызметкерлеріне халал өнім технологиясы, халал өнімдерді өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сатуға қойылатын стандарт талаптары, рұқсат етілген және тиым салынған Е тағамдық қоспалары, халал стандарты бойынша тағамдық қызметтер ерекшелігі, шариғат және халал стандарт талаптарына сай мал сою және ет өңдеудің маңыздылығы жөнінде оқу-семинар өткізілді.* ![WhatsApp Image 2020-09-30 at 16.52.39.jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/469/817/5f746981796d5535653671.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-09-30 at 16.52.38 (1).jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/469/9eb/5f74699eb935d904994654.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-09-30 at 16.52.38.jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/469/bcd/5f7469bcd4126646202667.jpeg)

Бөлісу: