"Сатыбалды" шұжық цехы сертификатталды
***«Сатыбалды» шұжық цехының - “Aidyn nury et» және «Отан» сауда белгілерімен айналымға жаңадан енгізілген шұжықтары «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды**. Сатыбалды» шұжық цехы «Мал бауыздау және ет өңдеу», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт талаптары» бойынша сертификатталды. Технолог мен инспектор-контролер мамандардың тыңғылықты жұмысы және лабораториялық тексеріс қорытындысынан кейін «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы «Сатыбалды» шұжық цехына «ҚМДБ халал» сертификатын табыстады. Айбек Асқарбекұлы «Сатыбалды» шұжық цехының «Халал Даму» мамандарының бақылауында болатындығын, алдағы уақытта міндетті аудит шаралары орындалатынын ескертіп, отандық халал индустриясын дамытуға қосқан үлесіне алғысын білдірді.*