ҚМДБ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСКЕ ҚАТЫСУДА
Жаңалықтар

06.04.2026

Түркия, Анкара

195

ҚМДБ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСКЕ ҚАТЫСУДА

Түркия астанасы Анкара қаласында «I Халықаралық Халал Аккредитация Конгресі – Жаһандық халал сапа инфрақұрылымындағы сенімнің тірегі: Халал аккредитация» атты ауқымды халықаралық жиын өтіп жатыр.

Аталған маңызды басқосуға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы делегациясы қатысуда. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, конгреске найб мүфти Ермек қажы Қасболатұлы, Түркиядағы ҚМДБ өкілі Абдурашит Қарабаев, сондай-ақ Халал Даму директоры Айбек Асқарбекұлы мен мекеме мамандары қатысып жатыр.

Халықаралық жиын Түркия Республикасы Сауда министрлігі және Халал аккредиттеу агенттігі тарапынан ұйымдастырылған. Конгрестің ашылу рәсімі қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып, Түркияның Сауда министрі Омар Болат ресми түрде жиынды ашты.

Айта кетейік, халықаралық деңгейдегі бұл басқосуға 10-нан астам мемлекеттің өкілдері, елшілер мен халықаралық ұйымдардың басшылары қатысуда. Конгресс аясында халал саласындағы аккредитация жүйесін дамыту, сапа инфрақұрылымын жетілдіру және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқылануда.

Телефон WhatsApp