28.09.2026
Өзбекстан, Ташкент
55
Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында «QMDB HALAL» мамандарының қатысуымен кәсіпорындарға жоспарлы аудит және тексеру жұмыстары жүргізілді.
Аудит жұмыстарын «QMDB HALAL» мамандары Гүлмира Маратқызы және Айтмұхан Айтқожаұлы жүргізді.
Жоспарлы аудит барысында кәсіпорындардың өндірістік үдерістері, қолданылатын шикізат пен өнімдердің халал талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ белгіленген талаптардың сақталуы жан-жақты тексерілді.
Тексеру жұмыстары «ZUHO QAMAR» OOO, «PUFFICO» OOO және «Asma Ice Cream» ООО кәсіпорындарында өтті.
Аталған жұмыстар «QMDB HALAL» талаптарының орындалуын бақылау, өндірістегі халал стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету және кәсіпорындардың қызметін бағалау мақсатында жүзеге асырылды.