05.05.2026
Қарағанды
33
Қарағанды қаласында бірқатар қоғамдық тамақтану орындары мен кәсіпорындарда жоспарлы аудит жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Dostar, Zira Shafran, Saada Kausar, Ymmy Bakery, My Frends, Karkaraly Et, Aula, Gurami және Sezin нысандарында халал талаптарының сақталуы тексерілді.
Сонымен қатар, Firdaus Tattimbet, Rauda Bagy, Aisberg, Kant Bakery, Kids Park, Degirmen Abdirova, Degirmen 1, Baurdak және Lanzhou кәсіпорындарында да бақылау-қадағалау шаралары өткізілді. Аудит барысында өндірістік үдерістер, шикізат сапасы және санитарлық талаптардың орындалуы жан-жақты қаралды.