14.10.2026
Қарағанды
51
Қарағанды қаласында «Халал Даму» маманы, технолог Айжан Омарованың қатысуымен тамақтану орындары мен өндіріс нысандарында жоспарлы тексеріс жұмыстары жүргізілді.
Тексеріс жүргізілген нысандар: Anashym pisirdi цехы, NK Kungei FoodLab, HappyCake цехы, Добрая кухня у Динары, Dostar тамақтану орны, Rauda bagy, Kids Park, Erkelet_buket, Dam You, Karak Home, Firdaus Halal 2.
Тексеріс барысында кәсіпорындардың халал талаптарына сәйкестігіне назар аударылды. Сонымен қатар халал стандарттарының сақталуы бойынша бақылау жүргізіліп, кәсіпорын өкілдеріне тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«QMDB HALAL» мамандары халал талаптарының сақталуын бақылау және тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің сенімділігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.